355
Назарбаев Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты
Назарбаев Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековтің өкілеттігі зейнеткерлік жасқа толған күннен бастап 2022 жылғы 26 шілдені қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды", - делінген Жарлықта.