Байсерке стансасында ер адамды пойыз қағып кетті

Байсерке стансасында ер адамды пойыз қағып кетті

Байсерке стансасында ер адамды пойыз қағып кетті
ашық дереккөзі
383
Алматы маңындағы Байсерке стансасында ер адамды пойыз қағып кетті.
ҚР Көліктегі ІІМ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам темір жол рельстерін рұқсат етілмеген жерден кесіп өтіп бара жатқан. Сол кезде «Семей-Қызылорда» пойызының машинисі шұғыл тежегішті басса да, ер адамды қағып кеткен. Аталған дерек ҚР ҚК 344-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Көліктегі ІІД басшысының баспасөз хатшысы Қасымжанова Ләззаттың айтуынша, мұндай қайғылы оқиғалар көбіне адамдардың рұқсат етілмеген жерден өтуінен болады. Жыл басынан бері Қазақстан бойынша пойыз рельстерінің астына 57 адам түскен. Олардың көпшілігі қаза болды. Оның ішінде 5 бала жарақат алса, 2-еуі көз жұмды. Ал 15 мың адам  рұқсат етілмеген жерден өткені үшін жауапкершілікке тартылды. «Биыл жыл басынан бері пойыздар 761 рет шұғыл тоқтаған. Оның 358-і адамдардың кесірінен болса, 304 жағдайда темір жол рельстеріне мал шығып кеткен. Сондай-ақ, 8 рет темір жолдан кедергі келтірілетін заттар алынып тасталды», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары