427
Қазақстан мен Қырғызстан азаматтардың тіркеусіз жүру мерзімін ұзартты
Қазақстан мен Қырғызстан азаматтардың тіркеусіз жүру мерзімін ұзартты
Қазақстан мен Қырғызстанда екі ел аумағында азаматтардың жүруіне қатысты жаңа ережелер 15 шілдеден бастап күшіне енді. Тіркеусіз жүру мерзімі бір айға дейін ұзартылды. Бұған дейін ол бес күн болатын. Бұл туралы centralasian.org хабарлады.
Уақытша жүру мерзімі Қырғызстан азаматтарының Қазақстанға кірген уақыттан бастап жүргізіледі. 30 күннен асқан жағдайда тіркелу қажет болады.
Қырғызстандықтарды тіркеу 90 күнге жүргізіледі, одан соң тағы дәл осындай мерзімге создыруға болады. Дәл осындай ереже Қазақстан азаматтары үшін де қолданылады.
Бұған дейін Қазақстан азаматтары Қырғызстанда тіркеусіз 30 күн, ал Қырғызстан азаматтары Қазақстанда тіркеусіз бес күн жүре алатын.
2016 жылы күзде екі елдің үкіметі жаңа келісімге келді.