Қырғызстан: президент сайлауына түсуге отызға жуық адам өтініш берген

Қырғызстан: президент сайлауына түсуге отызға жуық адам өтініш берген

Қырғызстан: президент сайлауына түсуге отызға жуық адам өтініш берген
ашық дереккөзі
453
Қырғызстан орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына түсуге 29 адам өтініш бергенін мәлімдеді. Азаттықтың қырғыз қызметінің хабарлауынша, 24 адам өз-өзін ұсынған. Бес адам партия атынан түспек. Өз-өзін ұсынғандар қатарында "Ата Мекен" партиясының жетекшісі Омурбек Текебаев, "Лига-антикризис" орталығының директоры Назарбек Нышанов, жеке кәсіпкер Арыстанбек Абдылдаев , құқыққорғаушы Рита Қарасартова, отандық өнім өндірушілер қауымдастығының төрағасы Бақыт Дегенбаев, латвиялық “Маро” фирмасының Бішкектегі өкілдігінің басшысы Сайнидин Султанидинов, Орталық Азия халықаралық университетінің ректоры Камила Шаршекеева, экс-омбудсмен, бұрынғы депутат Тұрсунбай Бакир уулу, дипломат Таалатбек Масадыков бар. Ал премьер-министр Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан социал-демократиялық партиясы атынан үміткер болмақ. Қырғызстан президентінің сайлауы биыл 15 қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясы болашақ кандидаттардың құжаттарын 15 маусымнан бері қабылдай бастады. Сайлау үгіт-насихаты 10 қыркүйекте басталып, 14 қазанда аяқталады. Нәтижесі 4 қарашаға дейін жарияланады.  

Серіктес жаңалықтары