453
Жол ережесін бұзу xаттамалары электронды түрде рәсімделеді
Жол ережесін бұзу xаттамалары электронды түрде рәсімделеді
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері электронды xаттамаларды мобильді қосымшалар арқылы толтырады. Ал xаттаманың қағаз жүзіндегі көшірмесі көлік жүргізушісіне табысталады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Жол полициясы қызметкерлері қысқа уақыттың ішінде xаттаманы толтыра алады. Сосын электронды цифрлық қолтаңбасын қояды. Көлік жүргізушісі де өз қолын қойғаннан кейін xаттама бірден базаға түседі. Ал xаттаманың көшірмесін принтер арқылы басып беруге болады. Бұдан бөлек, xаттаманың үлгісі көлік жүргізушісінің поштасына жіберіледі. Ұялы телефонына да смс-xабарлама түседі", - дейді ҚР Бас прокуратура құқықтық статистика және арнайы тіркеулер комитеті төрағасының орынбасары Бағлан Бекбауов. Осының арқасында көлік жүргізушілері де, ішкі істер органдары да қазағбасты жұмыстан құтылады. Электронды xаттаманың айыппұлын интернет, я болмаса банк арқылы төлеуге болады. Алдағы уақытта айыппұлды пост-терминалдар арқылы төлеу қызметі енгізіледі.
Айта кетейік, бүгінде ішкі істер органдары саласында жыл сайын 3,5 млн әкімшілік xаттама рәсімделеді. Ол мемлекеттік органдарда рәсімделетін барлық xаттамалардың 87 процентін құрайды. Айыппұлдардың жалпы соммасы 26 млрд теңгені құрайды. Соның тек жартысы ғана өндіріледі. Сол себепті электронды жүйені алдымен ішкі істер органдарында енгізу ұйғарылып отыр. Бүгін Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен электронды xаттаманы толтыруға арналған 50 планшет құқық қорғаушыларға табысталды. Бұдан бөлек, xаттаманың көшірмесін басып беретін термопринтерлер де бар. Алдағы уақытта аталған құрылғыларды Оңтүстік Қазақстан, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Қарағанды мен Павлодар қалаларында тарату жоспарланып отыр. Әзірше, электронды жүйе пилоттық негізде жұмыс істейді.