ЭКСПО-да Испанияның ұлттық күні жалынды фламенко биімен ашылды

ЭКСПО-да Испанияның ұлттық күні жалынды фламенко биімен ашылды

ЭКСПО-да Испанияның ұлттық күні жалынды фламенко биімен ашылды
ашық дереккөзі
411
ЭКСПО-2017 көрмесінде Испания Корольдігінің ұлттық күні  Compañía Flamenca тобының жалынды фламенко биімен ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Одан бөлек, көрме аумағында күні бойы Каррос де Фок (Carros de Foc) көше театрының өнер көрсетуі және «Дон Кихот Ламанчский» шығармасының ұжымдық оқулары жоспарланған. Испанияның ресми делегациясының басшысы, Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Қазақстанның Испанияның Орталық Азиядағы сенімді стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. «Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 965 миллион еуроға жетті. Испанияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуын үкіметіміздің, еліміздің Қазақстанмен саяси, саяси-экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және ғаламдық энергетикалық мәселелердің шешімдерін іздеу үшін басқа елдермен ынтымақтастық етуге деген ерікті тілегі деп қабылдаған жөн», - деді Ана Пастор. Сондай-ақ, делегация басшысы Испанияның дүние жүзінде көлік инфрақұрылымы бойынша ең үздік он елдің бірі екенін, құрылыс, автокөлік жолдарын, теміржолдарды, аэропорттарды басқару саласында он елдің төртіншісі болып табылатынын мәлім етті. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан барлық көлік концессиясының 33 пайызы Испания кәсіпорындарына тиесілі. Испания компаниялары «Мекке-Мәдина» жылдам теміржол жолдарын немесе Анкарадан Ыстанбұлға дейінгі қатынас жолдарын салу секілді әлемдегі ірі теміржол жобаларын жүзеге асырған. Қазақстандық компаниялармен серіктестік барысында салынған жоғары жылдамдықты испан пойыздары қазіргі Астана мен бұрынғы астана Алматыны жақындата түсті. Ұлтық күнге орай ұйымдастырылған мәдени шаралар төрт күнге жалғасады және тамыз айында Испания павильоны қала кинотеатрларында Испан киносы фестивалі мен испан тілін насихаттауға арналған алуан түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.  

Серіктес жаңалықтары