Жыл басынан бері 11 мың адам шет ел асқан

Жыл басынан бері 11 мың адам шет ел асқан

Жыл басынан бері 11 мың адам шет ел асқан
ашық дереккөзі
2017 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 36,3%-ға көбейіп, 7 204 адамды құрады. Ал елден кеткен көшіп-қонушылардың саны 4,0%-ға көбейіп, 10 975 адамды құраған. Бұл туралы ҰР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстандағы негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болып отыр. Министрліктің мәліметінше, ТМД елдерінен келгендердің үлесі 68,9% болса, ТМД елдеріне кеткендердің үлесі 87,7% құрады. Мысалы, 2016 жылдың қаңтар-мамыр айында ТМД-дан келгендер саны 3932 адам болса, биыл 4962 адам келген. Ал кеткендер саны екі есеге көп. Өткен жылдың 5 айында 9323 адам кетсе, биыл 9620 адам елден кеткен. Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне келер болсақ, олардың саны 34%-ды кұрады. Мысалы, Астана қаласына 20 647 адам, Алматыға 9 698, Ақмола облысына 1 459, Алматы облысына 181 адам көшіп барған.