Аджика ағзаға зиян

Аджика ағзаға зиян

Аджика ағзаға зиян
ашық дереккөзі
Грузияда шығарылған дәмдеуіштердің құрамында қорғасынның көлемі тым жоғары. Тамаққа қосатын бұл өнімді Нью-Йорк денсаулық сақтау департаменті өз тұрғындарының пайдалануына тыйым салды. Ведомство өкілдері дәмдеуіштер адам ағзасына зиян деген қорытынды жасаған. Құлмақ, бозғалдақ, сван тұзы, аджика. Грузиннің ешбір тағамы осы дәмдеуіштерсіз әзірленбейді. Бұл – ғасырлар бойы келе жатқан дәстүр. Фати Хизанишвили, аспаз: – Біз барлық тағамдарымызға осы дәмдеуіштерді қосамыз. Онсыз тамақ дайындау мүмкін емес. Бұл өнімді Грузияға келген саяхатшылар үйлеріне кәдесый ретінде алып кетеді. Алайда бірнеше күн бұрын Нью-Йорктің денсаулық сақтау департаменті дәмдеуіштер ағзаға зиян деген мәлімдеме жасады. Бұл хабар шетелдік тұтынушылардың үрейін туғызды. Грузиндердің өздері де аң-таң. Сарапшылар дәмдеуіш құрамында қорғасын тым көп деген қорытынды жасады. Бұл металл жүйке жүйесінің зақымданып, қысымның жоғарылауына әкеп соқтыруы мүмкін. Жүкті әйелдер мен іштегі балаға да кері әсер тигізеді.