334
Қазақстандық төлқұжат Орта Азия үздігі деп танылды
Қазақстандық төлқұжат Орта Азия үздігі деп танылды
Қазақстандық төлқұжат Passport Index порталы жасаған рейтинг қорытындылары бойынша Орталық Азияда ең "мықты" деп танылды. БҰл туралы Sputnik Қазақстан агенттігі хабарлады.
Тізімдегі орындар азаматқа визасыз кіруге болатын елдер саны секілді көрсеткішпен іріктелді. Қазақстан Қырғызстан (68-ші орын және емін еркін кіретін 58 ел), сондай-ақ Өзбекстан (72-ші орын 54 ел), Тәжікстан (71-ші орын, 54 ел) және Түркменстан (78-ші орын, 48 ел) сияқты елдерді басып озып, 56-шы орынға ие болды (71-ші орын, 54 ел). Алайда посткеңестік елдер арасында ахуал өзгереді: қазақстандық төлқұжат 56-шы орынды Беларусьпен бөлісіп, мықты "орта" болады. Мәселен, Қазақстанның алдында Литва мен Латвия (10-ші орын – 149 ел), Эстония (11-ші орын, 148 ел), Украина (32-ші орын, 119 ел), Ресей (40-шы орын 108 ел), сондай-ақ Молдова мен Грузия (42-ші және 43 орындар, 105 және 104 ел) тұр. Рейтинг көшбасшыларының үштігі – Германия (158 ел), Сингапур (158) және Швеция (157). Рейтингтің соңында Ирак (26 ел), Пәкістан (25 ел) және Ауғанстан (22 ел) тұр.