708
Мысық өлтіргені үшін сотталды
Мысық өлтіргені үшін сотталды
Калифорния тұрғыны Роберт Рой 21 мысықты өлтіргені үшін 16 жыл өмірін түрмеде өткізетін болды, деп жазады USA Today.
Басылымның жазуына қарағанда, мысықтар 2015 жылдан бастап жоғала бастаған. Кейін үй жануарлары өлі күйінде табылған. Жасалған қылмыстарды тергеуге алған құқық қорғау органдары қаладағы автотұрақтың бірінен мысықтардың өлексесі салынған машинаны тапты.
Сол сәтте көлік иесі Рой сол жерде ұйықтап жатқан. Сондай-ақ автомобиль ішінен пышақ, қолғап және мысық терілері табылды. Қылмыскер барлығы 21 мысықты өлтірген.