"Перекресток" телехикаясының актері қайтыс болды

"Перекресток" телехикаясының актері қайтыс болды

"Перекресток" телехикаясының актері қайтыс болды
ашық дереккөзі
Белгілі актер Владимир Толоконников қайтыс болды. Бұл мәліметті Республикалық Академиялық Лермонтов атындағы орыс драма театрының өкілдері растады. Владимир Алексеевич Толоконников 1943 жылы 25 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1972 жылы Ярослав театр училищесін тәмамдаған. Актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 1973 жылдан Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері. Осы театр сахнасындағы орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысты. Бірқатар киноға түскен ("Иттің жүрегі", "Тоғысқан тағдырлар" телесериялы, т.б.). Бірнеше медальдарымен марапатталған. Үйленген, екі баласы бар.