257
Қырғызстан премьер-министрі президенттікке үміткер
Қырғызстан премьер-министрі президенттікке үміткер
Қырғызстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) бүгін Бішкекте өткен съез барысында қазіргі премьер-министр Сорронбай Жээнбековтің кандидатурасын Қырғызстан Республикасының президенттігіне ұсыну туралы шешімді жария етті, деп хабарлайды kabar.kg сайты.
Дауыс беру қорытындысына сәйкес, Сорронбай Жээнбековтің кандидатурасы үшін съездің 674 делегаты бірауыздан дауыс берді.
Съез шешімі бойынша, ҚСДП Сорронбай Жээнбековті партияның атынан президент сайлауына түсетін жалғыз үміткер ретінде таңдады. Өз кезегінде, Жээнбеков осындай қолдау үшін алғыс айтып, оған артылған сенімді ақтауға бар күш-жігерін салатынын жеткізді.
Айта кетейік, Қырғызстанда президент сайлауы ағымдағы жылдың 15 қазаны күні өтеді. Қазіргі таңда президент сайлауына қатысуға Қырғызстанның 26 азаматы ниет білдірген.