Бір айдан соң уақытша тіркеуге тұрмағандар айыппұл арқалайды

Бір айдан соң уақытша тіркеуге тұрмағандар айыппұл арқалайды

Бір айдан соң уақытша тіркеуге тұрмағандар айыппұл арқалайды
ашық дереккөзі
263

Уақытша тіркеуге тұрмағандар бір айдан соң айыппұл төлейді. Құқық қорғау органдары жұртшылықты тағы да ескертіп жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

 Енді заң бойынша басқа жерге айдан аса сапарлаған адам 10 күн ішінде уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Әйтпесе, 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 16 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.
Бір жылда екінші рет тіркеусіз ұсталса, 30 мың теңге төлейді. Елді дүрліктірген Үкімет қаулысы тек 16 жасқа толмағандарға, денсаулық жағдайына байланысты емделіп жатқандарға және вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге ғана жүрмейді. Ал уақытша тіркеуге 1 айдан 1 жылға дейін тұруға болады. Бірақ, одан көп мерзімге келгендер тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда уақытын 4 жылға дейін ұзарта алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан бөлек, ғаламтор арқылы тікелуге де мүмкіндік бар. Айта кетерлігі, азаматтардың тіркеусіз жүрген уақытын анықтау тетіктері заңда сол күйі нақтыланбаған. Сондай-ақ, полицейлер ешкімді аңдып жүріп ұстамаймыз деп отыр. "Жедел алдын алу жұмыстары болады деген сөз емес. Бұл өз жұмыс бабымен мысалы, учаскелік инспектор немесе із кесушілер азаматтардың құжаттарын тексеретін болса, егер осындай олқылықтар, қателіктер анықталатын болса ғана әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп түсіндіріп берді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары