Сенатқа төрт жаңа депутат келді

Сенатқа төрт жаңа депутат келді

Сенатқа төрт жаңа депутат келді
ашық дереккөзі
219
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлықтарымен Сенат мүшелерінің қатарына төрт жаңа депутат қосылды.   width=  Сәуле Айтпаева - қазақтан шыққан тұңғыш генерал-әйел. Ақмола облысының Жақсы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Жақсы аудандық прокуратурасының кеңсе меңгерушісі болудан бастаған. Жоғары білім алғаннан кейін аудандық прокуратураның тағылымдамашысынан республикалық ведомстволардың басшысы дейінгі лауазымдық сатыдан өткен. 1997 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқықтық статистика және ақпарат  орталығының (ҚСжАО) алғашқы есепке алу құжаттарын, есептілік және әдістеме нысандарын әзірлеу және енгізу бөлімінің бастығы, 1998 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Астана қаласындағы статистика басқармасының бастығы, 1999 жылы - ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы болды. 2001 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы ҚСжАО (Д) бастығының орынбасары, 2003 жылы - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, 2005 жылдың желтоқсанынан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылы Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрайымы болып тағайындалды.  width= Владимир Волков  1955 жылы туған. Заңгер. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын ҚазССР Министрлер Кеңесі жанындағы Дене шынықтыру және спорт комитетінің нұсқаушысынан бастап, Бүкілодақтық еріктілер спорт қоғамдарында жаттықтырушы-оқытушы, Қазақ мемлекеттік университеті әкімшілік және мемлекеттік құқық кафедрасының ассистенті, заң факультетінің кешкі-сырттай оқыту бөлімі деканының орынбасары, ҚазССР Жоғары Кеңесінің аға референті, сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі төрағасы  орынбасарының көмекшісі, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Президент Аппараты Ұйымдастыру-бақылау басқармасының консультанты, мемлекеттік инспекторы, Парламент Сенаты Аппараты  Ұйымдастыру, Ұйымдастыру-кадр жұмысы, Ұйымдастыру-талдау жұмысы, Әкімшілік бөлімдерінің меңгерушісі, Сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақпараттық-талдау бөлімінің бас консультанты, меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген.  width= Бақытжан Жұмағұлов - Бұрынғы Білім және ғылым министрі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халықаралық инженерлік академияның академигі. 1979-1991 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің аға инженері, аға оқытушысы, доценті, проректоры; 1991-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы Төралқасының хатшысы, вице-президенті, президенті. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым бірінші вице-министрі. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің бөлім меңгерушісі. 2005-2007 жылдары «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары қызметін атқарған. 2008 жылы - Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры. 2008 жылы мамырда Б.Т.Жұмағұлов Ислам елдері Инженерлік академиялары федерациясының бірінші вице-президенті болып сайланды. 2010-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрі болды.  width= Талғат Мұсабаев - ғарышкер, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы және Ресей Федерациясының Батыры, авиация генерал-лейтенанты, гимнастикадан және ұшақ спортынан КСРО спорт шебері, КСРО чемпионы, техника ғылымының докторы, «Экология» Қазақстан халық академиясының академигі. 1987 жылдан АН-2 ұшағының 2-ұшқышы, командирі, 1989 жылы Алматы біріккен авиаотрядының 1-ұшу отрядында ТУ-134 ұшағының 2-ұшқышы болды. 1990 жылы Ю.А.Гагарин атындағы ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кіріскен. 1991 жылы оған «Ғарышкер-сынақшы» санаты берілді. 1994 жылы маусымның 1-інен қарашаның 4-іне дейін «Союз-ТМ» ғарыш кемесінің борт-инженері ретінде ғарышта болып, 2 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 1998 жылы қаңтардың 29-ы мен тамыздың 25-і аралығында «Союз-ТМ-27» және «Мир» ғарыш кемелерінің командирі ретінде ғарышта болды. Ұшу кезінде 5 рет ашық ғарыш кеңістігіне шықты. 2001 жылғы сәуірдің 28-і мен маусымның 6-сы аралығында «Союз-ТМ-32» ғарыш кемесімен Халықаралық ғарыштық стансасына барған бірінші экспедицияның экипаж командирі міндетін атқарды. 2003-2005 жылдары - Ю.А.Гагарин атындағы Ғарышкерлер дайындау орталығының топ командирі, 2005-2007 жылдары - «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының бас директоры, 2007 жылы 11 ақпаннан 11 сәуірге дейін Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры қызметтерін атқарған. 2007 жылдың 11 сәуірінен  Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы қызметін атқарды. 2014 жылдың 14 тамызынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетінің төрағалығына тағайындалған болатын.

Серіктес жаңалықтары