ВТБ Банк «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады

ВТБ Банк «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады

ВТБ Банк «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысады
ашық дереккөзі
222
Биылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ мен Банк ВТБ (Қазақстан) халықты ипотекалық қарыздарын субсидиялау жолымен қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойған болатын. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотекалық қарыз бойынша бастапқы жарна 30 пайызды құрайды, бұл жағдайда несие ұлттық валютамен беріледі және тек жаңа баспана алуға беріледі.   – Енді клиенттеріміз баспана сатып алуға қарызды өте пайдалы талаптармен ресімдей алады. Қарыз алушылар үшін ипотека бойынша ақырғы сыйақы мөлшерлемесі 10% болады әрі банк комиссиясынан толық босатылады. Алматы мен Астана қалаларының тұрғындары үшін максималды қарыз сомасы – 20 млн теңге, ал Қазақстанның басқа аймақтарының тұрғындары үшін – 15 млн теңге, мерзімі 15 жылға дейін, – дейді Банк ВТБ басқарма төрағасының орынбасары Николай Суганяка. Өз кезегінде, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бағдарламаға қатысуға Қазақстанның кез келген азаматы өтініш бере алатынын атап өтті.  – Операторы ҚИК болып табылатын «Нұрлы жер» Мемлекеттік бағдарламасы – бұл Қазақстан азаматтары, әсіресе жас отбасылары үшін оңтайлы талаптармен жаңа баспана алудың ерекше мүмкіндігі. Бағдарлама аясында қарыз алушы үшін ай сайынғы төлемі нарықтағы ұсыныстарға қарағанда 30-40 пайызға арзан: Және меншігінде бұрыннан бар баспаналарының саны ескерілмейді. Қарыз алғанда қарыз алушы төлем кестесін алады, онда банкіге төлейтін сыйақы субсидияланатын және субсиядияланбайтын бөліктерге бөлінеді. Субсидияланатын бөлік пен негізгі қарызды қарыз алушы өзі төлейді, ал субсиядияланытын бөлікті ҚИК банкке тікелей өтейді, – деді ол.  Айнаш ЕСАЛИ,

Серіктес жаңалықтары