Астанада «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылған отандық фильмдер көрсетіледі

Астанада «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылған отандық фильмдер көрсетіледі

Астанада «Тұлпар» жүлдесіне ұсынылған отандық фильмдер көрсетіледі
ашық дереккөзі
 22-23 шілде күндері Астанада XIII халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында Қазақстанда, Орталық Азияда және түркітілдес елдерде прокатқа 2017 жылдың 1 қазанынан кейін шыққан және «Тұлпар» жүлдесіне ұсынған фильмдер көрсетіледі. Бұл туралы Фестивальдің дайындық жұмыстарына байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында XIII «Еуразия» ХКФ-нің бас директоры Рашид Нұғыман хабарлады. «Кинематографияның және отандық киноның дамуына көрнекті үлес қосқан жетістіктері үшін отандық кинематографтарға ұлттық «Тұлпар» жүлдесі беріледі. Конкурсқа көрермен назарына ұсынылған отандық фильмдер қатысады. Кинематография саласындағы ұлттық «Тұлпар» сыйлығы отандық кинематографтарды қолдау, мәдени ерекшелікті және ұлттық киноиндустрия негізін сақтау, жергілікті және халықаралық жұртшылық арасында қазақстандық және орталықазиялық үздік жұмыстарды насихаттау мақсатында құрылған болатын. Барлық көрсетілімдер Астанада болады, – дейді Рашид Нұғыман. Жүлдеге14 қазақстандық картина, түркітілдес елдердің атынан 4 фильм қатысады. Конкурс жүлдесі Алматыда қыркүйек айында табысталады.