Шым шаһардың әкімі тұрғындарға үндеу жариялады

Шым шаһардың әкімі тұрғындарға үндеу жариялады

Шым шаһардың әкімі тұрғындарға үндеу жариялады
ашық дереккөзі
378
 Шым шаһардың  әкімі тұрғындарға үндеу жариялады. Ғабидолла Әбдірахымов қала орталығындағы үйлерде мал ұстау деректері анықталса, тез арада хабар беруді сұрады , деп хабарлайды ҚазАқпарат  ХАА тілшісі.   Шаһар басшысының мұндай қадамға баруына соңғы кездері санитарлық тазалық жағдайларының күрт нашарлап кетуі себеп болған. Әкімнің сөзінше, осындай келеңсіздіктердің салдарынан қалада шыбындар қаптап, сасық иіс жайлап кеткен. Бұл қаланың санитарлық жағдайына әсер етуде. «Қаланың әрбір тұрғыны мал ұстайтын, мал соятын адамдар малдарының барлығын  қаланың сыртына шығаруы керек. Басқа азаматтар егер осындай жағдайларды көретін болса, бізге жедел аныктама ретінде хабарлама берсін. Біз қағиданы орындамай отырған тұрғындарға шара қолданамыз. Полиция қызметі де осы мәселемен айналысуы тиіс», - деді Ғабидолла Әбдірахымов. Шымкент әкімі тұрғындарды  қалада мал ұстау тәртібі белгіленген ережеге сәйкес жүргізілуі тиіс екенін ескертті. Олай болмаған жағдайда тиісті шара көрілмек. Бұл құжат қалалық мәслихат депутаттарымен белгіленген болатын.

Серіктес жаңалықтары