АҚШ-та баллистикалық зымыраннан қорғаныс кешені сәтті сыналды

АҚШ-та баллистикалық зымыраннан қорғаныс кешені сәтті сыналды

АҚШ-та баллистикалық зымыраннан қорғаныс кешені сәтті сыналды
ашық дереккөзі
АҚШ зымыраннан қорғаныс агенттігі 11 шілдеде Аляскада THAAD зымыраннан қорғаныс кешенін сынақтан сәтті түрде өткізгенін хабарлады. Тынық мұхиты аумағындағы Гаваи аралының солтүстігінен 10 шілде күні түнде C-17 әскери ұшағынан кешен қағып түсіру үшін орта қашықтықта ұшатын баллистикалық зымыран ұшырылған, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Агенттік THAAD кешенінен атылған зымыран нысана ретінде ұшырылған, таяуда Солтүстік Корея сынаған зымырандарға ұқсас баллистикалық зымыранды анықтап, ізіне түсіп, қағып түсіргенін хабарлады. 4 шілдеде Солтүстік Корея құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген. THAAD кешені осымен 14-рет сынақтан өткізіліп, оның барлығында зымыранды қағып түсірген. THAAD кешені жылдам орнатылады және баллистикалық зымырандарды атмосферада және одан тыс кеңістікте қағып түсіре алады.