378
Астанаға голливуд жұлдыздары келеді
Астанаға голливуд жұлдыздары келеді
Голливуд жұлдыздары Николас Кейдж, Джон Малкович және Эдриен Броуди Астанада өтетін XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестиваліне қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz шараның ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.
Кинофестиваль шілденің 22-і мен 28-і аралығында Астанада өтеді. "Голливуд супержұлдыздары, "Оскар" және "Алтын глобус" лауреаттары Николас Кейдж, Джон Малкович және Эдриен Броуди, актриса Бай Лин, фестиваль қозғалысының ірі қайраткері, продюсер Марио Мюллер кинофестивальге қонақ болып келеді", - делінген баспасөз баянында. "Еуразия" - Орталық Азиядағы ең ірі, Халықаралық продюсерлер қауымдастығының (FIAPF) Канн, Берлин және Венеция сияқты "А" деңгейіндегі тіркелген кинофестиваль. 2012 жылы International Film Guide (Ұлыбритания) "Еуразия" кинофестивалін 35 үздік фестивалінің санатына қосқан.
"13-ші рет өтетін кинофестивальдің бағдарламасы "Мәдениеттер көпірі" тақырыбын қозғайды, EXPO-2017 халықаралық көрме концепциясымен үндес", - дейді ұйымдастырушылар.
Биыл 2016-2017 жылы түсірілген фильмдерге кең ауқымды шолу жасайды.
"Бес құрлық" балалар фильмдерінің конкурсы өтеді, EXPO-2017 көрмесімен бірге ұйымдастырылған "6 плаза" дамып келе жатқан елдер бағдарламасы да болады.
Қазақстан, Орталық Азия мен түркі тілдес елдердің фильмдері көрсетіліп, "Тұлпар" ұлттық жүлдесі табысталады. Фестиваль аясында алғаш рет ТМД, Шығыс елдері (Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея) және Батыс елдерінің (Еуропа, Америка) сатушылар мен сатып алушылары қатысатын Eurasia Film Market кино саудасы өтеді.
Ұйымдастырушылар кинофестивальдің басты мақсаты Қазақстан киноиндустриясын дамыту, халықты кино өнеріне тарту мен Азия және Еуропа елдерінің ынтымақтасуына жағдай жасау екенін атап өтті. Еуразия XIII халықаралық кинофестивалін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Ұлттық киномотография және ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігімен өткізіледі.