Қазақстан риелторлары биыл рекордтық табысқа қол жеткізді

Қазақстан риелторлары биыл рекордтық табысқа қол жеткізді

Қазақстан риелторлары биыл рекордтық табысқа қол жеткізді
ашық дереккөзі
Қазақстан риелторлары биылғы жылы тұрғын үй нарығындағы сұраныстың күрт артуына байланысты 76 миллиард теңге көлемінде рекордтық таза табыс тапты. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.  Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда 90,2 мың пәтерлер мен жеке үйлердің сатып алу және сату келісімдері жасалған. Бұл соңғы 5 жылдың қаңтар-наурыз айларында жасалған  келісімдердің ең жоғарғы көрсеткіші. 2016 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы  деңгеймен салыстырғанда, келісім жасаулар саны бірден 27,5%-ға көтерілді. Ағымдағы жылдың алғашқы үш айындағы көрсеткіш бойынша жылжымайтын мүлік нарығында сатып алып-сату ісімен айналысатын ұйымдар (салық салуға дейін) 76 миллиард теңге көлемінде табыс тапты. Өткен жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда кірістің жалпы көлемі 29,1 миллиард теңгені құрайды, немесе биылғы жылмен салыстырғанда 2,6 есеге аз. Нарықтың негізгі драйверлері шағын секторлар - саланың шағын кәсіпорындарының таза көрсеткіші биылғы жылы ірі және орта ұйымдардағы 12,4 миллиард теңгеге қарсы  63,7 миллиард теңгені құрады.  Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш басқаша болды, ірі риелторлық ұйымдар 28,8 миллиард теңге табыс тапса, шағын ұйымдардың табысы небәры 256,1 миллион теңгені құрады.