Кореяға заңсыз кірген Қазақстан азаматтарының саны көбейді

Кореяға заңсыз кірген Қазақстан азаматтарының саны көбейді

Кореяға заңсыз кірген Қазақстан азаматтарының саны көбейді
ашық дереккөзі
245
 Қазақстаннан келген заңсыз мигранттардың көбейіп кеткендіктен Корея Республикасы еліміздің азаматтарына қатысты тексеруді күшейтті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев пен Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Ким Дэ Сиктің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Спикерлердің айтуынша, соңғы уақытта көші-қон процедураларын өту кезінде Қазақстан азаматтарына Корея Республикасына кіруге рұқсат бермеу жағдайлары жиі орын алады. Оның басты себебі - 2014 жылдың қараша айында күшіне енген Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Визалық режімді алып тастау туралы келісім. Келісім Кореяда жұмысқа орналаспайтын азаматтарға қатысты болып отыр. «Қазақстанның көптеген азаматтары Кореяға визасыз режім арқылы барып, жұмысқа орналасқысы келеді. Осыған байланысты, 2014 жылы екі ел арасында визасыз режім орнағалы, Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтардың саны күрт өсті», - деп атап өтті Ким Дэ Сик. Сол себепті, Корея Республикасының көші-қон органдары Қазақстан азаматтарына қатысты тексерісті күшейту туралы шешім қабылдаған. Жарияланған деректерге сәйкес, 2017 жылы наурыз айында Корея аумағында қазақстандық 4168 заңсыз мигранттың бары анықталған. 2014 жылы визасыз режім туралы келісімге қол қойылғанға дейін, бұл көрсеткіш 359 адам болған. Яғни, үш жылда қазақстандық заңсыз мигранттар саны 11 есеге өскен. 2014 жылы Қазақстаннан Кореяға баратын жаңа мигранттардың жылдық көлемі 77 адамды құраған еді. Ал визасыз режім туралы келісімге қол қойылған соң, бұл көрсеткіш 45 есеге артқан, яғни жыл сайын Кореяға 3520 қазақстандық мигрант барады.  

Серіктес жаңалықтары