151 мың жұмыссыз тіркеуде тұр

151 мың жұмыссыз тіркеуде тұр

151 мың жұмыссыз тіркеуде тұр
ашық дереккөзі
194
Еліміздегі жұмыспен қамту орындарында 151 мың 700 адам жұмыссыз ретінде тіркеулі. Екі қолға бір күрек таппай жүрген азаматтардың кәсіби білімі қызмет нарығындағы сұранысқа сай келмейді. Жартыжылдықты қорытындылаған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов осылай деді. Оның айтуынша, жыл басынан нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасымен 21 мыңнан астам адам қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Алдағы уақытта тағы 70 мың қазақстандықты кәсіби оқыту жоспарланып отыр. Ал кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша қалалар мен ауылдарда 6 мыңға жуық шағын несие беру көзделіп отыр. Бұған дейін берілген 384 несие алушының жартысына жуығы жеке істерін сәтті дөңгелетіп алды. Ал көші-қонды әлеуметтік қолдау арқылы 263 отбасы еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударды. Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары: – Егер оңтүстіктің азаматы солтүстікке жұмыс бабымен көшем десе, біріншіден, көші-қон шығындарын әр жанұя мүшесіне 35 айлық есептік көрсеткіштен 79 мың 415 теңгеден төлеп береміз. Екіншісі барған жерде егер тұрғын үй мәселесін шешу үшін 1 жылға дейін пәтер жалдайтын болса, соның жалға алатын ақшасын 34 мыңнан 68 мыңға дейін айына бір жыл бойы төлеп беруге дайынбыз. Және де егер ауылдық жерде сол ай сайын 12 ай төленетін қаражаттың есебінен шағын үй сатып алуға мүмкіндік болса, оны бір мезгілде төлеп беру тетігін қарастырып жатырмыз.  

Серіктес жаңалықтары