АҚШ-та әскери ұшақ апат болып, 16 адам қаза тапты

АҚШ-та әскери ұшақ апат болып, 16 адам қаза тапты

АҚШ-та әскери ұшақ апат болып, 16 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
1170
АҚШ-тың Миссисипи штатында әскери ұшақ апатқа ұшырап, кем дегенде 16 адам қаза тапты деп хабарлады жергілікті билік. Ұшақ 10 шілде күні кешке жақын штат орталығы Джэксон қаласынан 100 километр қашықтықтағы Лефлер округінде құлаған. Ұшақ апатына не себеп болғаны әзірге белгісіз. АҚШ теңіз жаяу әскері корпусының баспасөз хатшысы Сара Бернс теңіз жаяу әскері авиация корпусының KC-130 Hercules әскери транспорт ұшағы қайғылы жағдайға тап болғанын ғана айтты. Куәгерлердің оқиға орнынан хабарлауынша, ұшақ корпусы толық қирап, жанып кеткен. Ұшақтың қираған бөлшектері мен адам денелері ұшақ құлаған жерден радиусы тоғыз километр жерге дейін шашылып кеткен. Округтік төтенше жағдайлар қызметінің директоры Фрэд Рэндл кем дегенде 16 адам қаза тапқанын хабарлады. Миссисипи штатының губернаторы Фил Брайант Facebook-те ұшақ апатын "қайғылы оқиға" деп атады.  

Серіктес жаңалықтары