Атақты италиялық әнші Кармело Ди Наполи ЭКСПО-ға келеді

Атақты италиялық әнші Кармело Ди Наполи ЭКСПО-ға келеді

Атақты италиялық әнші Кармело Ди Наполи ЭКСПО-ға келеді
ашық дереккөзі
168
Төрткүл дүниеге танымал Кармело Ди Наполи Астанада EXPO көрмесіне келуді жоспарлап отыр. Италиялық әнші әрі композитор болашақта Қазақстанда жеке концертін беруді де көздейді, деп жазады 24.kz Қазір ол Париж қаласында тұрады және Франция театрларында өнер көрсетіп жүр. Әнші гастрольдік сапарларында әлемнің танымал қалаларын түгел аралаған. Енді олардың қатарын қазақ елінің астанасымен де толықтырғысы келеді. Кармело Ди Наполи, әнші: - Қазақстан мен үшін болашақтың мекені болып қалады. Өте жылдам қарқынмен дамып келеді. Сондықтан Қазақстанға баруға ерекше ықылас танытып жүрмін. Міндетті түрде EXPO 2017 көрмесін тамашалаймын. Сонымен қатар қазақ елінің мәдени өмірімен де танысқым келеді. Сол үшін мен Астанаға баруға ниеттімін. Сіздің қалада өтіп жатқан көрмені көру – арманым десем артық айтқандық емес. Ал оны теледидардан көріп, тамсанғаным бөлек әңгіме.

Серіктес жаңалықтары