Зерек оқушы Пентагон басшысына телефон соғып, сұхбат алды

Зерек оқушы Пентагон басшысына телефон соғып, сұхбат алды

Зерек оқушы Пентагон басшысына телефон соғып, сұхбат алды
ашық дереккөзі
279
 Тэдди Фишер есімді америкалық оқушы АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттиске хабарласып, сұхбат алды. Бұл туралы  New York Post газетіне сілтеме жасай отырып РИА Новости хабарлады.  Мемлекеттік шенеуніктің телефонын жеткіншек Washington Post газетінің 11 мамырдағы шығарылымындағы суреттен алған. Фотограф АҚШ президенті күзетшілерінің бірін бір бума қағаздарымен суретке түсіріп алған. Онда Мэттистің есімі мен телефон нөмірі көрініп тұрды. Тэдди Фишер нөмірді көре алып, алдымен сұхбат беру туралы хабарлама жазған. Меттис келісімін берді. Әңгіменің 45-ші минутында Пентагон басшысы АҚШ басшысы Барак Обама бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонның кеңесіне құлақ асқанда зор жетістікке жеткен боларын атап өтті. Сонымен қатар ол Ауғанстан, Сирия және өзге елдердің балаларын америкалық мектептерге оқуға жібергенде терроризмді жеңуге болатынына сенім білдірді. Тэдди Фишердің АҚШ қорғаныс министрімен сұхбаты мектеп газетінде жарияланды.  

Серіктес жаңалықтары