443
Ыстықтың беті қашан қайтады?
Ыстықтың беті қашан қайтады?
Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде күннің ыстығы басылады, деп хабарлайды Қазгидромет.
11-13 шілдеде елімізде ауа температурасы төмендей бастайды. Тек қана төмендеп коймай, алдағы үш тәулікте өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Фронттардың ықпалы Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді, сол себептен республиканың көптеген облысында жаңбыр жауып, найзағай түсіп, күшті екпінді жел және бұршақ болады деп болжанып отыр.