Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды

Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды

Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды
ашық дереккөзі
232
 Фармация комитетінің бірқатар лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына сілтеме жасап. "Антикоррупциялық қызмет Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация Комитетінің және оның өңірлік бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын жүйелі түрде пара алды және фармкомпаниялардың мүддесін лоббиледі деген күдікпен ұстады", - делінген хабарламада. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға қарағанда, жалпы сомасы 10 миллион теңге болатын параны бірнеше мәрте алды деген күдікпен Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрағасы Л.Ю.Пак, Павлодар облысы бойынша Фармация департаментінің жетекшісі З.Ш.Қажинова, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Фармация комитетінің бас маманы П.Т.Имамқожаев, Фармация комитетінің бас сарапшысы Д.К.Ибраева ұсталған. Бұл лауазымды тұлғалардың қажетті өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алғаны айтылады.  Сонымен қатар, "Зерде" ҒӨБ" ЖШС атқарушы директоры Э.М.Жүзбаева пара бергені үшін ұсталған.  Мұнымен бірге, бұл лауазымды тұлғалар пара алумен қатар кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында сатып алынатын препараттардың құнын өсіру жолымен бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. "Соттың санкциясымен Пак, Қажинова, Имамқожаев және Жүзбаева қамауға алынды, Ибраева үйқамаққа алынды", - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының хабарында.  

Серіктес жаңалықтары