«Ақсу қант» зауытын қалпына келтіруге 300 адам жұмылдырылды

«Ақсу қант» зауытын қалпына келтіруге 300 адам жұмылдырылды

«Ақсу қант» зауытын қалпына келтіруге 300 адам жұмылдырылды
ашық дереккөзі
 Алматы облысындағы Ақсу ауданында 10 жыл бойы тоқтап тұрған қант зауытын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда білікті кадрлармен қатар 300 адам зауытта еңбек етуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қайта жанданып жатқан нысанға Мәжіліс депутаты Серік Үмбетов арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстың барысымен танысты. 1967 жылы салынып, тоқырау жылдары тоқтап  қалған зауыт жұмысшыларының 80 пайыздан астамы әлі ауылда тұрады. Ауыл халқы тәулігіне 3 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін алып кәсіпорынның жаңғыртылуымен  Жансүгіров ауылына да қан жүгіреді деген сенімде. Биыл Ақсу қант зауыты 200-ден аса шаруашылықтан  100 мың тонна тәтті түбір қабылдайды деп күтілуде. Одан 10-11 мың тонна қазақстандық табиғи қант шығарылмақ.  Айта кетейік, Елбасының тікелей тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында қант қызылшасын қайта өсіру мықтап қолға алынды. Биыл  тәтті түбірдің алқап көлемі 9 мың гектарға жетті. Одан 300 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинап, 30 мың тонна таза өнім алу жоспарлануда. Осылайша, импортқа тәуелділікті азайту көзделген. Қазіргі таңда Алматы облысында қант қызылшасын қабылдайтын жалғыз «Көксу қант зауыты» ғана істеп тұр.