263
Баласын өлтірмек болған келіншек сотталды
Баласын өлтірмек болған келіншек сотталды
Шымкентте ауыр науқас баласын буындырып өлтірмек болған әйел сотталды. Облыстық соттың аппеляциялық алқасы 24 жастағы әйелді 11 жыл 3 айға жазасын өтеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Айта кетейік, қайғылы жағдай қаладағы балалар ауруханасында болған. Ондағы ата-аналардың бірі бір келіншектің өз баласын қылқындырып жатқанының үстінен түсіп қалған. Дереу дәрігерлерді шақыртады.
Тергеу барысында Тұрсынай есімді келіншектің іштен шыққан баласын өлтірмек болғаны дәлелденді. Күдікті өз жауабында қатты шаршап жүргенін, өзінің жасаған іс әрекетіне жауап бермейтінін айтқан. Бір жағынан баласы қатты қиналғанша бақилық болғаны дұрыс деп ойлапты.
Кейіннен сот-психиатралық сараптама екі рет келіншектің ақыл-есі бүтін деген қорытынды шығарды. Сондықтан сот баласына қастандық жасаған ананы ұзақ мерзімге түрмеге тоғытты.