320
Астанада Өзбекстан елшілігі ашылады
Астанада Өзбекстан елшілігі ашылады
Астанада Өзбекстанның Қазақстандағы елшілігінің ғимараты салынып жатыр. Ол ашылған соң, Өзбекстанның Алматыдағы дипломатиялық өкілділігі бас консулдыққа айналады. Бұл туралы Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдуләзіз Камилов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Өзбекстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Ресейдің Санкт-Петербург, Қазан, Ростов-на-Дону, Екатеринбург және Владивосток қалаларында консулдықтар ашу мәселесі пысықталып жатыр.
Сонымен бірге Камилов бірқатар консулдықтарда арыз-талаптарды қарау механизмі жеңілдетілетінін айтты. Мысалы, шетелде құжаттарын жоғалтып алған азаматтың кім екендігін анықтау мерзімі үш айдан жеті жұмыс күніне өзгертіледі.