311
Қырғызстан Өзбекстанға электр энергиясын жеткізе бастады
Қырғызстан Өзбекстанға электр энергиясын жеткізе бастады
Қырғызстан Өзбекстанмен жазғы уақытта электр энергияны экспорттау жөнінде келісімге келді. 16 маусымнан 4 шілде аралығында Қырғызстанның Ұлттық энергия холдингі көрші елге сағатына 192,5 миллион киловатт электр тасымалдады. Келісімге сәйкес, қазан айына дейін сағатына 1,25 миллиард киловатт электр энергиясын экспорттау көзделген.
Холдингтің мәліметінше, аталған келіссөз ақпан айынан бастап жүргізілген. Тоқтағұл су қоймасындағы судың көлемі 6 шілдеде 18,78 миллиард кубометрге жеткен. 22 шілдеде ең жоғарғы көрсеткіш 19,5 миллиард кубометрге жетуі мүмкін. Су толып кеткен жағдайда, бөгеттен суды ағызу керек болады.
Өзбекстан үшін энергия тарифі киловатт-сағатына екі центті құраған.
Қырғызстанда шетелдік несиенің көмегімен "Датқа-Кемин" электр жеткізу жүйесі салынған. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қырғызстан үкіметі Ауғанстанға және Пәкістанға электр тасымалдайтын CASA-1000 жобасын іске қосады.