271
Нигериялықтың асқазанынан 79 мың еуро табылды
Нигериялықтың асқазанынан 79 мың еуро табылды
Франциядағы Страсбургте кеденшілер ірі сомадағы ақшаны өткізуге әрекеттенген нигериялықты қолға түсірді.
Африкалық азамат қалалық автовокзал маңында кездейсоқ ұсталған. Оны есірткі исін сезген иісшіл иттің көмегімен қолға түсірген. Тексере келгенде оның қалталары мен шұлықтарынан 13 мың швейцариялық франк шыққан. Ұсталған азамат бұл ақшаны испандық курорттардың біріндегі мейрамханада ыдыс жуушы болып еңбек еткенде тапқандығын айтқан. Бірақ кеденшілер қосымша тексеруге ұйғарып, оны рентгенге түсірген. Күдіктінің асқазанынан мол ақшаның бар екендігі көрінді. Қорытындысында 200 және 500 еуро салынған бірнеше шағын қалталар шықты. Санай келгенде ол 79 мың еуроға жеткен. Қазір нигериялық қамауға алынды. Оған контрабанда және ақшаны жылыстату бойынша айып тағылды, деп хабарлайды BFMTV.