Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасы бекітілді. Бұл туралы бүгін энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың бұйрығы шықты деп жариялады naryk.kz. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2017 жылдың 2 маусымындағы № 183 «Ішкі нарықтағы сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын бекіту туралы» бұйрығы жарияланды. «2012 жылдың 9 қаңтарындағы «Газ және газбен қамту туралы» ҚР Заңының 6 бабы, 7 тармағына сай, ҚР ішкі нарығында 2017 жылдың 1 шілдесі мен 30 қыркүйегі аралығында сұйытылған мұнай газының көтерме сату бағасын қосымша құнын салығын есептемегенде тоннасына 34 319 теңге деп бекітілсін», — делінген құжатта. Бұйрықтың орындалуын тексеру ҚР энергетика министрлігіне жүктеледі. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, яғни жыл басынан бері газ бағасы тоннасына 28 мың теңге болып келген еді.
Жүктелуде...