Ұлыбритания хиджабты мектеп формасы ретінде бекітті

Ұлыбритания хиджабты мектеп формасы ретінде бекітті

Ұлыбритания хиджабты мектеп формасы ретінде бекітті
ашық дереккөзі
Ұлыбритания хиджабты алғаш рет мектеп формасы ретінде бекітті, деп хабарлайды stan.kz.

Ең бірінші болып Ланкашир қаласындағы Джон Серсби атындағы мектеп басшылығы хиджабты енгізді.

Оқушы қыздардың әр түрлі орамалмен келмеуі үшін әрі өзін жайсыз сезінбеуі үшін мектеп басшылығы арнайы хиджаб тіктірген. Қазір оқушылардың ата-анасымен жиналыс барысында осы мәселе талқыланып жатыр. Олардың өтініштері мен ұсыныстары қаралмақ.

Ұлыбританияда хиджаб киетін оқушы қыздар саны айтарлықтай. Бұл елде оранған қыздарға қатысты ешқандай қарсы көзқарас жоқ.