ҰБТ өз мәресіне жетті. 20-27 маусым аралығында өткен сынақтың қорытындысы жарияланды. ҰБТ-ға қатысуға 92 827 түлек ниет білдіріп, олардың 67 627-сі (76,3%) қазақ тілінде және 20 968-сі (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
"Факт бойынша 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4%-н құрады. ҰБТ жүргізу үшін аймақтарға 1815 Білім және ғылым министрлігінің өкілдері (75%-ы жоғары оқу орындарының профессор-оқытушысы, 25%-ы колледж мұғалімдері) жіберілді. Ұйымдастыру сұрақтарын шешу мен ҰБТ мониторингін жүргізу үшін өткізу орындарында білім беру мекемелерінің басшыларынан, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау қызметтері, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен 965 адамнан тұратын мемлекеттік коммисия құрылған. Ағымдағы жылы бірінші рет бұлтты интернет іске қосылды. Бұл қызмет барлық адамға Қазақстанның кез келген нүктесінде өтіп жатқан тестілеу барысын қадағалауға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізді", — делінген хабарламада.