276
Алматы облысында наразы тұрғындар тас жолға жатып алды
Алматы облысында наразы тұрғындар тас жолға жатып алды
Алматы облысында бүтін бір ауылдың тұрғындары тайлы-тұяғы қалмай тас жолға жатып алды. Бақтыбай елді-мекенінің халқы базынасын билікке осылай жеткізбек болған, деп хабарлайды КТК арнасы.
Алматы-Талдықорған тас жолының бұл бөлігі бір жарым шақырымды құрайды. Егер ол салынатын болса алпысқа жуық тұрғын үй мен коммерциялық нысанды басып өтеді екен. Сондықтан ауыл халқы құрылысты бастамас бұрын, баспаналарын сүріп, өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Тіпті жанайқайларын айтып Астанаға дейін арыз жазған. Бірақ атқамінерлерден әлі күнге жауап жоқ. "Бас прокурорға, президентке, премьер-министрге өткен жұмада хат жазып, Астанаға дейін барып келдік. Бірақ билік тарапынан, прокуратура тарапынан ешкім жоқ",-деді Қайрат Нұрханов, Бақтыбай ауылының тұрғыны.