Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон заңдарын бұзғандар сотсыз кері қайтарылады

Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон заңдарын бұзғандар сотсыз кері қайтарылады

Қазақстан мен Қырғызстанның көші-қон заңдарын бұзғандар сотсыз кері қайтарылады
ашық дереккөзі
340
 Қазақстан мен Қырғызстан азаматтары, сондай-ақ қазақ-қырғыз шекарасынан өткен үшінші бір елдің азаматтары көші-қон заңдарын бұзған жағдайда, оларды сотсыз кері қайтаруы мүмкін. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Жогорку Кенешке жолданды, деп Орталық Азияның жаңалықтар қызметі
Келісім құзырлы органдарға шетел азаматтарын тез арада кері қайтаруға мүмкіндік береді. Қырғыз парламенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, заң жобасы Қазақстанда болу тәртібін бұзған қырғыздарды елге қайтаруды жеңілдетеді. "Келісім қырғыз-қазақ шекарасы арқылы үшінші бір елден заңсыз жолмен келген азаматтарды тез арада кері қайтаруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. Келісімге екі елдің үкіметтері 2016 жылы 17 қазанда Астанада қол қойды. Заң жобасы дауыс беруге жолданды.

Серіктес жаңалықтары