Журналистердің сұраныс хатына жауап бермеген шенділер жазаланады

Журналистердің сұраныс хатына жауап бермеген шенділер жазаланады

Журналистердің сұраныс хатына жауап бермеген шенділер жазаланады
ашық дереккөзі
Тілшілердің сұраныс хатын жауапсыз қалдырған шенділер қатаң жазаланып, қажет болса жылы орынымен қош айтысады, – деп хабарлайды Астана арнасы. Осы мәтіндес заң жобасының нормасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі дайындап жатқан заң жобасында қамтылған. Мәжілісте қаралған заң жобасы кезінде министр Дәурен Абаев соңғы уақытта отандық журналисттерден сауалға жауап бермейтіндер туралы шағым көп түсіп жатқанын айтты. Осы орайда, министр енді әрбір құзырлы мекемеде БАҚ өкілдерімен арнайы жұмыс жүргізетін маман болуы керектігін де атап өтті. «Тілшілер тарапынан белгілі бір орындардан жауап ала алмау жайлы шағым көп. Бұл заң осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған. Мұнан өзге тілшілер қауымының енді әр жарияланған ақпараты ресми дерек көздерінен алынған болуы керек. Ал дерек көзі болмаса, тілші журналисттік зерттеу жүргізіп, нақты дәлел алғаннан кейін ғана жариялай алады»  – деп атап өтті ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.