441
Сенат депутаттарын сайлау қарсаңында "тыныштық күні" жарияланды
Сенат депутаттарын сайлау қарсаңында "тыныштық күні" жарияланды
Елімізде сенат депутаттарын сайлау қарсаңында "тыныштық күні" жарияланды — сайлау күні және одан бір күн бұрын үгіт-насихатқа тыйым салынған. Алматы және Астана қалалары, аймақтардағы сайлау комиссиялары сенат депутаттарын 28 маусым күні сайлайды.
Сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, тіркелген үміткерлер тізімінде 38 адамның есімі бар. 16 сенат депутаты сайланады.
Сенат құрамында 47 депутат бар, олардың 32-і әрбір облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлаушылар жиналысында сайланады, 15 сенаторды президент тағайындайды.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, бұл сайлауларда алғаш рет дауыс берушілерді электронды түрде тіркеу жүйесі қолданылады. Сайлауға 3 293 таңдаушы қатысады. Олардың көбі Алматы (333), Шығыс Қазақстан (318) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (312) тұрады.