Туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалады

Туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалады

Туризмді дамытудың жаңа тұжырымдамасы жасалады
ашық дереккөзі
ҚР Үкіметі отырысында Қазақстанда Туристік саланы дамытудың жаңа тұжырымдамасы қаралады. Бұл туралы бүгін туризм және болашақ энергиясына арналған халықаралық конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомство туристік саланы дамытудың тұжырымдамасын жаңартты. «Осы орайда ішкі және сырттан келетін туризмді дамыту қажеттіліктері, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды және өңірлік мәдени-туристік кластерлерді құру ескерілді. Ертең біздің Тұжырымдаманы Үкімет отырысына енгізетінімізді атап өткеніміз жөн»,-деді Мұхамедиұлы. Министрдің айтуынша, Тұжырымдамада 6 кластер айқындалып, онда туристік ұсыныстар бойынша Қазақстанның географиялық әралуандығы мен этномәдени сәйкестік көрсетілген. Бұл ретте «Астана - Еуразия жүрегі», «Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Алтай інжу-маржаны», «Ұлы Жібек жолының жандануы», «Каспий қақпасы» және «Табиғат пен көшпелі мәдениеттің тұтастығы» бағыттары қамтылып отыр. «Тұжырымдамада Қазақстан үшін басымдығы бар туризм түрлері қарастырылған. Осы орайда мәдени-танымдық және этнографиялық туризм, оқиғалық туризм, кемпингтік автотуризм, аңшылық- трофейлік туризм, спорттық, сондай-ақ экотуризм ескерілді»,-деді деп түйіндеді сөзін министр.