370
«Даму» Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді
«Даму» Қоры мен Қазақстан банктері бизнес үшін 20 млрд теңге бөлді
«Даму» Қоры шағын және орта кәсіпкерлік үшін 10 млрд теңге бөлді. 8 млрд теңге «АТФ Банкке», 2 млрд теңге «Нұрбанкке» салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрайды.
Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.
«Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.
Қаржыландыру талаптары:
Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:
- «АТФ Банк» АҚ – жылына 14%;
- «Нұрбанк» – жылына 17,5%;
Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;
Мерзімі – 84 айға дейін.
Салалар:
⋅ Агроөнекәсіптік кешен;
⋅Тау-кен өндіру саласы;
⋅ Құрылыс материалдарын шығару;
⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;
⋅ Көлік және қоймада сақтау;
⋅ Туризм;
⋅ Ақпарат және байланыс;
⋅Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;
⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
⋅ Білім беру;
⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс;
⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында бүгінгі күні 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылып, нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.
«Даму» Қоры – бұл ұлттық даму институты, 100% акциясы «Бәйтерек» Ұлттық Басқарушы холдингі» АҚ тиесілі. «Даму» Қорының міндеті – ШОК сапалы дамытуға жан-жақты қолдау көрсету, сонымен қатар Қазақстандағы операторлар мен интеграторлар болып табылатын ұсақ қаржыландыру ұйымдарына қаржылай, консалтингтік қызмет көрсету.