318
Димаштың 58 жастағы фанаты оны Астанаға іздеп келді
Димаштың 58 жастағы фанаты оны Астанаға іздеп келді
Димаш Құдайбергеннің 58 жастағы фанаты сүйікті әншісін көру үшін АҚШ-тан Қазақстанға арнайы ұшып келді, деп хабарлайды informburo.kz.
Ол "Астана Арена" кешенінде 27 маусымда өтетін Димаштың концертіне келген. Алиса Келлог әншінің АҚШ-тағы фанклубының басшысы болып саналады. Ол шетелге алғаш рет шығып отырғандықтан және Димаштың өнерін қатты бағалағандықтан, қатты толқып отыр, дейді әншінің ресми фантобының мүшелері. Алиса Келлог болса, бұл жолы Димашпен кездесетініне кәміл сеніп отыр. Айта кетейік, әншінің "Астана Аренада" өтетін концертіне Кристина Орбакайте, қытай әншісі Терри Лин, швед әншісі Лорин, ағылшын әншісі әрі сазгері Софи Элис-Бекстор қатыспақ.