Араққа сылқия тойған анасы асфальтқа құлатып алған сәбидің өмірі қыл үстінде

Араққа сылқия тойған анасы асфальтқа құлатып алған сәбидің өмірі қыл үстінде

Араққа сылқия тойған анасы асфальтқа құлатып алған сәбидің өмірі қыл үстінде
ашық дереккөзі
361

Өскеменде анасы ішімдікке тойып алып, сәбиін асфальтқа құлатып алды. Қазіргі таңда дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz.

 Бұл жайт 22 маусым күні орын алған. Ана мен бала орталығының қабылдау бөліміндегілердің айтуынша, сәбидің анасы ішімдікке сылқия тойып алған.
"Сәби 70-100 см биіктіктен құлаған деп болжап отырмын. Құлағанда да тура асфальттың үстіне құлаған", - дейді Ана мен бала орталығының балалар нейрохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Серік Қизатуллин. «Мен оны өзім қабылдадым. Қазір сәби жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігер. Оның айтуынша, баланың өміріне қауіп төніп тұр. Себебі ол түрлі жарақаттар алған. Ал баланың анасы болса, ақшасының жоқтығын айтып ренішін білдірді. "Жоқ, мен есімді білемін. Тек үш стақан ғана іштім. Түсінесіз бе, ақша жоқ. Бірақ баламды ешкімге бермеймін. Оны алып алуы мүмкін дейді мындағылар. Күйеуім келіп, бізді алып кетеді", - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары