288
ҰБТ-ның 3-ші күні: 16 мыңнан астам тыйым салынған заттар алынды
ҰБТ-ның 3-ші күні: 16 мыңнан астам тыйым салынған заттар алынды
ҰБТ-ның алғашқы 3-ші күні де тәмам. ҚР БҒМ баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, бұл күні сынақ тапсырушылардан 16 мыңнан астам тыйым салынған заттар алынған.
«2017 жылдың 22 маусым күні өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге 18 490 өтініш берген жоғары оқу орнына түсушілердің 17 650 (95,4%) қатысты. Оның ішінде қазақ тілінде -13 569, орыс тілінде - 4 081 адам. ҰБТ 58 ҰБТ өткізу пунктерінде жүргізілді», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, тәртіп бұзғаны үшін 3 адам аудиториядан шығарылды, ал олардың жауаптары жойылды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшінші күнінде 16 071 тыйым салынған заттар алынды. Орташа балл - 79,20.
Еске сала кетсек, биылғы ҰБТ республика бойынша 20-27 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-ны 92 827 түлек тапсырады, оның ішінде: 69 209 - қазақ тілінде және 23 618 - орыс тілінде.