Сенат азаматтықтан айыруды қарастыратын заң жобасын қабылдады

Сенат азаматтықтан айыруды қарастыратын заң жобасын қабылдады

Сенат азаматтықтан айыруды қарастыратын заң жобасын қабылдады
ашық дереккөзі
196
Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы "террористік қылмыстар" үшін азаматтықтан айыруды қарастыратын заң жобасын қабылдады. Сенат заңдарға өзгертулер жобасын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қол қоюға жолдады. Жаң жобасын мамыр айында мәжіліс мақұлдаған еді. Жобаға сәйкес, қазақстандықтар қылмыстық топ құрып, оның жұмысына қатысса, "елдің маңызды мүдделеріне нұқсан келтіргені" дәлелденсе, бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өміріне қастандық жасаса, олар сот шешімімен азаматтықтан айрылуы мүмкін. Жобаны сынаушылардың айтуларынша, заң ережелері оппозициялық саясаткерлерге қарсы бағытталған болуы мүмкін. Олар "Қазақстанның маңызды мүдделері" деген ұғым тым түсініксіз деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары