Қазақстандық әскерилер Сирияға жіберілмек

Қазақстандық әскерилер Сирияға жіберілмек

Қазақстандық әскерилер Сирияға жіберілмек
ашық дереккөзі
365
Қазақстан мен Қырғызстанның әскери кеңесшілері әскери қимылдарға араласу үшін емес, Сирияны қорғауға символикалық түрде қатысу үшін Сирияға жіберілуі мүмкін, бұл пікірді Ресей геосаяси проблемалар академиясының президенті, әскери ғылымдар докторы Константин Сивков РИА Новости агенттігіне айтты, деп хабарлайды sputniknews.kz Бұдан бұрын Түркия президенті өкілі Ибрагим Калын мәлімдегендей, ресейлік тарап Сириядағы деэслакация аймақтарына Қазақстан мен Қырғызстанның әскерилерін жіберуді ұсынған еді.  Бірақ әскери ғылымдар докторы Константин Сивков айтқандай, онда тұрақты әскер, Ресейдің әскери бөлімшелері немесе ҰҚШҰ ұйымы елдері, оның ішінде Қазақстан мен Қырғызстанның жасақтары жоқ. "Бұл жерде мәселе осы елдердің кеңесшілерін сонда жіберу, бірақ мұның аса қажеті бар деп ойламаймын. Соған қарағанда, бұл осы елдердің Сирия қорғанысына символикалық түрде қатысуы үшін, Ресейге қолдау білдіру үшін жасалатын әрекет. Бар болғаны сол", — деді Сивков.  " Национальная оборона" журналының бас редакторы Игорь Коротченко да бұл пікірмен бөлісіп, Қазақстан мен Қырғызстанның әскери қызметкерлерін Сирияға жіберу әскери қимылдарды жүзеге асыру үшін емес, "деэслакация режимінің сақталуын қадағалау, Сирия үкіметі мен қаруланған оппозиция арасындағы қақтығысты шешуге атсалысу" үшін деп санайды.

Серіктес жаңалықтары