Жүкті әйелдермен мобильді қосымша арқылы байланыс орнатылады

Жүкті әйелдермен мобильді қосымша арқылы байланыс орнатылады

Жүкті әйелдермен мобильді қосымша арқылы байланыс орнатылады
ашық дереккөзі
513
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде аяғы ауыр келіншектер тіркеуге уақытында тұрмайды. Осыған байланысты арнайы мобильді қосымша әзірленді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Мобильді қосымшаны Қарағанды облысында пилоттық режімде іске қосты. Оны ұялы телефонға тегін жүктеп алуға болады. Біз жылдың аяғына дейін оны тағы бірнеше аймақта іске қосуды көздейміз», - деді Біртанов журналистерге берген сұxбатында. Мобильді қосымшаның атауы  - «Менің жүктілігім» («Моя беременность»). Министрдің сөзіне қарағанда, қосымшада барлық танымдық мәлімет бар. Құрсақтағы нәрестенің өсуіне қарай сан алуан ақыл-кеңестер шығып тұрады. «Ал, ең бастысы, дәрігерге көріну қажеттігі жайында ескертулер жасалады. Сосын онлайн режимде дәрігерге сұрақ жолдап, жауап алуға болады. Алдағы уақытта қосымшаға рецепт беру және қабылдауға жазылу сияқты қызметтерді енгізуді көздейміз», - деп атап көрсетті министр. Айта кетейік, бүгін Елжан Амантайұлы xалық алдында есеп берді. Оның айтуынша, бүгінде жыл сайынғы вакцинациядан бас тартып жатқан азаматтар аз емес. Соның ішінде діни көзқарасқа байланысты өз баласына екпе салмайтындар да бар.  Сондай-ақ, министр жедел жәрдемнің келуі тиіс уақытын жариялады.  

Серіктес жаңалықтары