511
Жамалиев жуырда бостандыққа шығуы мүмкін
Жамалиев жуырда бостандыққа шығуы мүмкін
Аьышулы кәсіпкер Қайрат Жамалиевтің сотталу мерзімі қысқарды. Ол ағымдағы жылдың тамыз айында бостандыққа шығуы мүмкін. Бұл туралы "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлады.
Яғни, алты жылдың екі жылын өтеген. Бұл оның мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұрауына мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікке ол келесі жылдың күзінде ие болмақ. Ол кезде Жамалиевтің түрмедегі мерзімі 3,5 жыл болады. Алайда Жамалиев өз жазасын жеңілдетуін сұрап, өтініш жазса, одан ертерек те босап шығуы мүмкін. Еске салсақ, бизнесмен тоқалының танысы Әліби Жұмағұловты сыбайластарымен бірге ауыр соққыға жыққаны үшін істі болған еді. Бұл оқиға қоғам арасында қызу талқыға түсіп, кәсіпкер түрмеге қамалған болатын.