ДАИШ жеңілгенін мойындады

«Ислам мемлекеті» ұйымы Мосул қаласындағы ан-Нұри мешітін жарып жіберді. Мосул қаласындағы тарихи ескерткіш 1172 жылы яғни ХІІ жылы салынған. Бұл суниттердің басты мешіті болғандықтан, «Ислам мемлекеті» аталмыш мешітті халифаттың орталығы етпек болған.
Бірақ ан-Нури мешітін жарып жібергеніне қарағанда, олар жеңілгенін мойындап отыр. Бұл туралы Ирактың премьер-министрі Хайдер әл-Абали мәлімдеді. «ИМ-ның (ДАИШ) ан-Нури мешітін және әл-Хабда ғибадатханасын жарып жіберуі – олардың жеңілісті ресми мойындауы», – деп келтіреді Ирак премьерінің сөзін баспасөз қызметі.
Сәрсенбіде Ирак әскерилері ДАИШ содырларының Мосулдағы ан-Нури деген басты мешітті және оның маңында орналасқан әл-Хабда ғибадатханасын жарып жібергенін хабарлаған еді. Дәл осы жерде Әбу Бакр әл-Багдади 2014 жылы ДАИШ «халифатын» жариялаған. Мешіт пен ғибадатхана радикалдардың символына айналған болатын. Найнава провинциясын босату бойынша операцияның қолбасшысының айтуынша, «ан-Нури мешіті мен оның әл-Хабда деген ғибадатханасын содырлар Ирак әскерлері Ескі қалаға кіріп, ДАИШ бандаларын айқын жеңгеннен кейін жарып жіберген». Ирак әскері Facebook желісіндегі аккаунтында қираған мешіттің суретін жариялады.