Қазақстанның шетелдік инвесторлары арасында Нидерландтар көш басында

Қазақстанның шетелдік инвесторлары арасында Нидерландтар көш басында

Қазақстанның шетелдік инвесторлары арасында Нидерландтар көш басында
ашық дереккөзі
Қазақстанның шетелдік инвесторлары арасында Нидерланд көш басында, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров. «Жиынтық түрде алғанда Нидерланд Қазақстанға $70 млрд-тан астам инвестиция салды және Қазақстанға салынған инвестиция көлемі жағынан шетелдіктердің ішінде бірінші болып тұр. Әр салада 950 бірлескен кәсіпорын жұмыс атқарады – ол ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп», - деді Е. Хаиров сәрсенбі күні қазақ-голландиялық бизнес-форумында. «Бүгін біз бірлесе атқаратын жұмыс бағытын көріп отырмыз – ол инновация, қалпына келетін энергия көзі және су шаруашылығы. Біз алда дамыту керек алаңдарды көріп отырмыз», - деді вице-министр. Ол қазірдің өзінде Қазақстан Нидерландыға тікелей әуе қатынасын ашқанын жеткізді. «Оның үстіне бізде Нидерланды азаматтары үшін визасыз режим қарастырылған. Ол бизнес белсенділігі үшін жақсы алаң жасайды», - деді Хаиров.